Ссылки доступа

Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы: 200-ден астам кандидат бұрын істі болған


Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауына түсетін кандидаттарды ІІМ мен Жоғарғы сот арқылы тексеруді аяқтады.

Тексеру кезінде мәлім болғандай, тіркелген 1912 кандидаттың 1641-не іс қозғалмаған, 221 үміткердің сот үкімі өтелген, 50 кандидатқа қатысты сот шешімі шықпаған, бесеуі әкімшілік жазаға тартылған, 19 үміткердің ісі сотта жатыр.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының тергеудегі 50-ден астам кандидатты тіркегені мәлім болды. ОСК өкілдерінің мәлімдеуінше, сот үкімі шыққан жағдайда бұл кандидаттар сайлау тізімінен шығарылады.

Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау 4 қазанда өтеді. Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысатын 15 партияны тіркеді.

XS
SM
MD
LG