Ссылки доступа

Қазақстанда онлай-сабақ кезінде порнография көрсетілген (видео)


Қазақстанда қашықтан оқыту жағдайы мәз емес. Оқушылар сабақты меңгере алмай жатыр, ал бұзақылар онлайн-дәріс кезінде порнография қосып жіберді.

Почему в Казахстане на онлайн-уроках показывают порнографию
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:55 0:00

Алматы мектептерінің бірінде бесінші сыныптың орыс тілі пәні өтіп жатқан кезде "ересектерге арналған" фильм қосылым кетті.

"Орыс тілі пәні өтіп жатқан. Екі адамның төсек қатынасына үшінші бір адам қосылды. Балалар соны көріп отырған. Менің балам: "Мама, ана кісі әйелге неге олай жасады?" деп сұрады. Мен қалай түсіндіремін? Ол кісі әйелмен бала жасап жатыр деп түсіндіруге болар еді, бірақ мына жағдайда..." - деп басын шайқады алматылық Наталья.

Онлайн сабақ кезінде мұндай оқиғалар жиілеп кетті деп шағымданды ата-ана. Сабақ кезінде музыка, бейәдеп сурет қосылып кетеді.

"Зум" платформасы сабақ өткізуге арналмаған болса керек. Өйткені мұнда оқушылардан авторизация талап етілмейді. Егер әрбір оқушының жеке сілтемесі болса, мұндай оқиғаларды тергеуге болар еді. Мұғалім мұндай роликтерді қай аккаунт жібергенін түсінер еді", - деп есептейді киберершабуылдарды зерттеу орталығының президенті Олжас Сатиев.

Сол себепті мұғалімдер үй тапсырмасын мессенджер арқылы жолдауға мәжбүр. Ата-аналар Білім министрлігіне шағымданып жатыр. Министрлік ұстаздардың цифрлық сауаты төмен деп отыр.

"350 мың мұғалім бар. Олардың бәрін бірдей оқыту мүмкін емес. Жұмыс жүріп жатыр", – дейді білім вице-министрі Рүстем Бигари.

XS
SM
MD
LG