Төтенше жағдайлар министрлігіне ІІМ-нің (төтенше жағдайлардың алдын алу және жою), индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (өндіріс қауіпсіздігі саласы саясатын жасау) және ұлттық экономика министрлігінің (мемлекеттік материалдық резервті жасау) бірқатар құрылымы өтеді.
Тоқаев бұдан бөлек стратегиялық жоспарлау және реформалау бойынша агенттік құру жөнінде жарлық шығарды.
Ал бәсекені қорғау және дамыту агенттігіне ұлттық экономика министрлігіндегі бәсекелестік қорғау және монополияны шектеу саласындағы барлық басқару тетіктері беріледі.
Аталған екі агенттік және төтенше жағдайлар министрлігін құратыны жөнінде ел президенті 1 қыркүйектегі жолдауында айтқан. Тоқаев сол кезде аталған агенттіктер тікелей президентке бағынады деген. Ол жолдауында мемлекеттік қызметкерлер екі жыл ішінде 25 процентке қысқаратынын жеткізген.
Тоқаев ел мемлекеттік басқаруда "жаңа моделге" мұқтаж екенін мәлімдеп, мемлекеттік аппарат жүйесін қайта ретке келтіру қажеттігін атап өткен.