Ссылки доступа

Құқық қорғаушылар қысқы олимпиаданың Бейжіңде өткізілмеуін талап етіп жатыр


ХОК президенті Томас Бах 2022 жылы өтетін олимпиада орнын жариялап жатыр

Әлемнің 160-тан астам құқық қорғау ұйымы Халықаралық олимпиада комитетінен 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқа олимпиада ойындарын Қытайдан басқа елге ауыстыруды сұрады.

Құқық қорғаушылар адам құқығы нашарлап тұрған Қытайда ойындар өткізу олимпиада беделін түсіреді деп есептейді.

Бірқатар құқық қорғаушылар 2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы олимпиада ойындары қытай билігіне аса сенімділік беріп, мұның соңы ұйғырлар мен өзге де этникалық азшылықты қуғындауға әкелді деп санайды.

Reuters агенттігінің жазуынша, ашық хат жолдаған құқық қорғаушылардың ішінде Қытайда тұратын ұйғыр, тибет және монғолдарды қорғайтын ұйымдар мен Гонконг тұрғындары бар.

ХОК әзірге бұл үндеуге жауап бермеді. Осыған дейін Associated Press агенттігінің Қытайдағы ұйғырлар құқығының бұзылып жатқаны жөніндегі сұраққа ұйым қандай да бір елді таңдағанда, комитет ол елдің саяси құрылымын қолдамайды деп жауап берген.

Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь құқық қорғаушылар спортты саясиландырғысы келеді деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG