Ссылки доступа

COVID-2019: Тәжікстанда ата-аналар балаларын мектепке жіберуге қорқады


Тәжікстанда білім саласы коронавирус пандемиясына байланысты қиын жағдайға тап болды.

Көптеген ата-ананың мектептердегі санитарлық сақтық шараларына көңілі толмайды. Сол себептен балаларын мектепке жіберуге қорқады.

Тәжікстанда жаңа оқу жылы 17 тамызда басталды. Биыл мектептер мен жоғары оқу орындары жаңа ережемен жұмыс істеп жатыр. Барлық мұғалімдер COVID -19 вирусына тест тапсыруы қажет. Оқушылардың дене қызуы тексеріліп тұрады. Олар мектепте үнемі антисептик қолданып жүруі керек, сонымен бірге маска тағуға міндетті. Бірақ осындай сақтық шараларына қарамастан, кейбір ата-аналар балаларын мектепке жібермей жатыр.

Соғды облысының тұрғыны балаларын бірнеше күннен бері мектепке жібермеген.

"Мен және күйеуім екеуміз 20 күннен бері үйде коронавирустан ем қабылдап жатырмыз. Дәрігерлер кеңесі бойынша, балалар қазір мектепке бармайды. Біз өзге балалардың коронавируспен ауырғанын қаламаймыз", дейді тұрғын.

Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, елде 8899 адамнан вирус анықталған, 70 науқас қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG