Ссылки доступа

Өзбекстанда соңғы 8 айда жол апатынан қаза болғандар саны коронавирустан көз жұмғандардан көп


Өзбекстан ІІМ мәліметінше, қаңтар-тамыз айында 3 596 жол-көлік апаты болған.

Жол апатынан 991 адам қайтыс болған, 2605 адам түрлі дене жарақатын алған.

Ресми мәлімет бойынша, соңғы 8 айда жол-көлік апаты былтырғы жылмен салыстырғанда 12,6 процентке түскен. Былтыр дәл осы аралықта 4 116 оқиға тіркелген.

Ал эпидемия кезінде коронавирустан Өзбекстанда 360 адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG