Ссылки доступа

Тәжікстанда әйел төрт баласын тұншықтырып өлтірген


Прокуратура Хатлонской области
Прокуратура Хатлонской области

Тәжікстанның Хатлон облысында 30 жастағы әйел төрт баласын тұншықтырып өлтірген. Қайғылы оқиға 9 қыркүйекте түсте болған.

Елдің ішкі істер министрлігі оқиғаны растады. Күдікті қазір қамауда отыр.

Жергілікті билік органындағы дереккөз күдіктінің есімі Назокатхон Тоирова екенін айтты. Дереккөз мәліметіне қарағанда, қайғылы оқиғадан екі күн бұрын ол балаларымен бірге ағасының үйіне келген. Назокатхонның күйеуі құрылыста істейді, сол күні ол үйде болмаған. 10, 8, 4 және бір жастағы төрт бірдей баласын өлтірген әйел милицияға өзі барған.

Мұндай ауыр қылмысқа баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеуді прокуратура жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG