Ссылки доступа

Ташкентте "Жеңіс саябағы" мемориал кешені ашылды


Өзбекстан астанасында "Жеңіс саябағы" мемориал кешені ашылды. Онда "Шон-шараф" мемлекеттік мұражай, "Мангу жасорат" және "Матонат мадхияси" мемориалдары, тарихи-көркем экспозициялар бар.

Президент Шавкат Мирзияев қол қойған жарлықта "Мемориал кешені Өзбекстанның фашизмді жеңуге қосқан үлесін дәріптеу үшін салынғаны" айтылған.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлердің есімі жазылған мемориал кешенінде түрлі ғылыми конференциялар, семинарлар ұйымдастырылады. Мемлекеттік мұражайға Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты жәдігерлер жиналады.

Мұнда ашық сабақтар ұйымдастырылып, студенттер тәжірибеден өтеді.

XS
SM
MD
LG