9 қыркүйекте Бішкек әкімшілік соты ОСК-ның партия кандитаттары тізімін тіркеуден бас тарту туралы шешімін заңсыз деп тапты. Сол себепті ОСК саяси партияны сайлауға қосу туралы шешім қабылдады.
Еске салайық, 3 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясы "Бутун Кыргызстан" партиясын тіркеуден бас тартқан. Оған саяси партияның съезд өткізу кезінде жіберген қателігі себеп болған.
Бішкек қаласының әкімшілік соты 9 қыркүйекте саяси партияның ОСК шешіміне шағымын қарап, партия өтінішін мақұлдады.
Қырғызстанда парламент сайлауы 4 қазанда өтеді. Оған 16 саяси партия қатысады.