Ссылки доступа

Тәжік мигранттары чартер рейстерге әуе билеттің қымбат болуына наразы


Таджикские мигранты, застрявшие в московском аэропорту "Внуково". Март 2020
Таджикские мигранты, застрявшие в московском аэропорту "Внуково". Март 2020

Тәжік мигранттары чартер рейстерге әуе билеттерінің қымбат болуына байланысты елге орала алмай отырғанын мәлімдеді.

Мигранттардың тағы бір тобы "алыпсатарлардан" әуе билетін қымбатса сатып алып, ұшаққа кіре алмағанын айтты. Олар екі аптадан бері "Домодедово" әуежайында отыр.

Тәжікстанның Ресейдегі елшілігінің өкілі мен "Сомон Эйр" компаниясы бұны жоққа шығарды.

Тәжікстан Ресейдегі тәжік азаматтарын елге қайтару үшін 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында жүзден аса чартер рейсін ұйымдастырды.

"Сомон Эйр" басшылығының мәлімдеуінше, әуе билеті 300 евро тұрады.

Алайда Мәскеудегі әуежайда жүрген мигранттардың айтуынша, билеттерді "алыпсатарлар" сатып алып, оны мигранттарға қымбатқа сатып жүр. Олар тәжік елшілігінің өкілдері мен әуе компаниясын айыптап отыр.

Тәжікстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айында тоқтаған.

XS
SM
MD
LG