Ссылки доступа

Өзбекстанда бірінші сынып оқушыларына "президент сыйлығы" таратылады


Өзбекстанда 14 қыркүйектен бастап бірінші сынып оқушыларына "президент сыйлығы" таратылады.

"Оқушылар мен ата-аналар кезекте тұрмау үшін мектеп әкімшіліктері "президент сыйлығын" бірнеше күнге бөліп таратады. Сыйлық 14 қыркүйектен кейін де берілуі мүмкін" деп хабарлады Халық білімі министрлігі.

Биыл 650 мыңға жуық оқушы мемлекет басшысының арнайы сыйлығын алады. "Президент сыйлығына" сабаққа қажетті 12 түрлі кеңсе тауары кіреді.

Білім министрлігі бірінші сыныпқа барған әрбір оқушы осы сыйлықты алады деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG