Бұл жөнінде тәжік үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап Азия-Плюс сайты хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, үкіметаралық комиссияның тең төрағалары Тәжікстан және Өзбекстан премьер министрлері Кохир Расулзода мен Абдулла Арипов кездесіп шекараны қайта ашу мәселесін талқылайды.
Сонымен бірге екіжақты сауда айналымын кеңейту, көлік және коммуникация саласын дамыту мен инвестициялық жобалар мәселесін де көтермек.
Дереккөз мәліметінше, Тәжікстаннан Өзбекстанға жеткізілетін энергия көлемі мен Өзбекстаннан Тәжікстанға берілетін табиғи газ көлемі осы жолғы кездесуде нақтыланады.