Ссылки доступа

Тәжікстан билігі Ауғанстан вице-президентіне жасалған шабуылды айыптады (видео)


Тәжікстан үкіметі Ауғанстанның бірінші вице-президенті Амрулла Салехке жасалған шабуылды айыптады.

Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі (СІМ) 10 қыркүйекте жариялаған мәлімдемесінде шабуылды "қара ниетпен жасалған террорлық шабуыл" деп атады.

Мекеме тәжік билігінің атынан терактіде құрбан болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, жараланғандардың тез арада сауығып кетуін жеткізді.

"Тәжікстан терроризмге қарсы күресте әрдайым Ауғанстанды қолдап, көрші елде тыныштық пен тұрақтылықты орнатуға жәрдем береді", - деп жазылған СІМ мәлімдемесінде.

9 қыркүйекте Кабулда Ауғанстанның бірінші вице-президентінің кортежі өтіп бара жатқан жолда жарылыс болды. Амрулла Салехтің өзі зардап шекпеді. "Әл-Жазира" телеканалының мәліметіне қарағанда, жарылыстан екі кісі қаза болып, 12 адам жараланған. Бірақ ауған телеканалдары 10 адам мерт болып, тағы осыншама адам жараланғанын хабарлаған.

Бірқатар елдерде тыйым салынған "Талибан" қозғалысының өкілі Хабихулла Мужахед вице-президентке жасалған шабуылға өзінің қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Амрулла Салех Ауғанстанның барлау қызметінің бұрынғы басшысы. Былтыр оның кеңсесінде шабуыл болып, 20 адам көз жұмып, 50 адам жараланған.

XS
SM
MD
LG