Өрт жанар-жағар май мен көлік дөңгелектері сақталған қоймадан шыққан. Өртті сөндіруге тікұшақтар тартылған.
Ел президенті Мишель Аун Бейрут портындағы жарылысқа сыртқы күштердің қатысы болуы мүмкін екенін айтты. "Бүгінгі өрт арнайы жасалған саботаж актісі және техникалық қауіпсіздіктен шығуы мүмкін", - деді ол.
4 тамыздың кешінде Бейрут портында екі бірдей жарылыс болды. Онда алты жыл бұрын Ливан билігі кемеден тәркілеген 2750 тонна аммиак селитрасы жарылып кеткен. Апаттан 154 адам қаза болып, бес мыңнан астам тұрғын жараланған. Бұл оқиғадан кейін жүздеген адам көшеге шығып, биліктің салғырттығын айыптаған.