Ссылки доступа

Қырғызстанда коронавирус жұқтырған 144 дәрігерге 200 мың сомнан төленді


Денсаулық сақтау ұйымдарының коронавирус жұқтырған 144 қызметкеріне 200 мың сомнан ($2,5 мың) өтемақы төленді. Бұл туралы 11 қыркүйекте денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Айнұр Акматова хабарлады.

Оның айтуынша, коронавирустан қайтыс болған 21 дәрігердің отбасына 1 млн сомнан ($12,6 мың) өтемақы төленді.

Дегенмен Акматова коронавирус жұқтырған басқа да дәрігерлерге және вирустан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына өтемақы төленер-төленбесін айтпады.

Коронавирус пандемиясы кезінде республикада 3163 медицина қызметкері вирус жұқтырып алды. 30 шілдедегі мәлімет бойынша, коронавирустан 73 медицина қызметкері, соның ішінде 44 дәрігер коронавирустан қайтыс болды.

Үкімет коронавирус жұқтырып алған дәрігерлерге 200 мың сомнан өтемақы төлеуге уәде берген. Алайда шілденің аяғында бірде-бір дәрігер өтемақы алмағаны белгілі болды.

XS
SM
MD
LG