Ссылки доступа

Үндістан мен Қытай шекаралас аудандардан әскерді алып кетуге келісті


Үндістан мен Қытай жанжалға шығуы мүмкін шекаралас аудандарда әскерді алып кетуге келісті.

11 қыркүйекте Мәскеуде кездескен Үндістан сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар мен оның қытайлық әріптесі Ван И осындай келісім жасалғанын хабарлады.

"Екі елдің сыртқы істер министрлері шекаралас аудандардағы қазіргі жағдай екі жақтың мүддесіне сай емес деп шешті. Сол себепті олар шекарадан әскерді алып кетіп, диалог орнату керек деген келісімге келді" делінген екі министрдің мәлімдемесінде.

Қытайдың сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Пекин Үндістанмен дипломатиялық байланысты үзбей, даулы шекаралас ауданда "бейбітшілік пен тәртіп орнауына" күш салуды көздейді.

Үндістан мен Қытай шекарасында осы аптада болған қақтығыстан соң екі ел өкілдері Мәскеуде кездесті. Көршілес мемлекеттер жанжалға бірін-бірі айыптап, ескерту оғын атқан.

XS
SM
MD
LG