Ссылки доступа

Лукашенко "Минск көшелеріндегі қиранды" шығынын наразылыққа шыққандардан өндіруді талап етті


Беларусь президенті Александр Лукашенко Минск көшелеріндегі қиранды шығынын наразылыққа шыққандардан өндіруді талап етті. Бұл туралы мемлекеттік "БелТА" агенттігі хабарлады.

"Минск көшелеріндегі қирандыны қалпына келтіруге ауқымды қаражат кетеді. Ол туралы ешкім ойламайды, ешкім шығынды төлегісі келмейді", – деді Александр Лукашенко.

"Төлеу керек. Адамдар түсінсін: бұзған екенсің, шығынын өз қалтаңнан төле", – деді ол.

Бұған қоса, Лукашенко наразылық акцияларына балаларды алып шығуға болмайтынын айтты. "Бәріміздің баламыз бар. Кішкентай балаларды ертіп, көшеге шығу - бассыздық. Арандатушылық болса ше?" – дейді Лукашенко.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары митингке шыққан тұрғындар қоқысты жинап кетіп жүргенін жазған.

XS
SM
MD
LG