Ссылки доступа

Өзбекстанда екі жігітті сабаған қызға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды


Наманган облысының Нарин ауданында екі жігітті сабап тастаған Гүлсанам Алижановаға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы аудандық ішкі істер басқармасы мәлімдеді.

Гүлсанам Алижанова жігіттер арызын қайтарып алғанын және бұл аудандық милиция бөлімшесінің ұсынысымен жүзеге асқанын білмейді.

Гүлсанам Алижанова 25 маусымда көшеде 30 және 33 жастағы екі жігітті сабап тастаған. Қызға қарсы "Бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап бойынша 3 жылдан 5 жылға дейін еркінен ажырату қарастырылған.

Бойжеткен көшеде қысқа шалбар киіп тұрғанда, автобуспен өтіп бара жатқан жігіттер оны мазақ етіп, сөккен. Бойжеткен оларды таксимен қуып жетіп, жазасын берген.

Гүлсанам 23 жаста, ол Наманган мемлекеттік университетінде оқиды. Ол бокс, каратэ және таэквондомен айналысады. Жергілікті басылымдар Алижанованың елдегі жарыстарға қатысып жүргенін, Түркиядағы халықаралық байқауларға қатысқанын жазды.

Соңғы кездері Гүлсанам қайырымдылықпен айналысып, тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік жеткізіп тұрады.

XS
SM
MD
LG