Ссылки доступа

Қырғызстан Ресеймен коронавирусқа қарсы вакцина жеткізу бойынша сөйлесіп жатыр


Президент Сооронбай Жээнбеков 12 қыркүйекте "Бірінші радиоға" берген сұқбатында Ресей сынақтан өткізіп жатқан коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алу бойынша екі елдің тиісті органдары сөйлесіп жатқанын мәлімдеді.

"Ресейде вакцинаны клиникалық сынақтан өтті деген мәліметтер берді. Ресейде соңғы күндері вакцинаны қолдануға енгізді. Жақын уақытта вакцина жаппай шығарылады деп сенемін. Біз үшін де вакцинаны елге алып келу әбден маңызды. Індетке қарсы күресу іш-шаралары аясында екі елдің тиісті органдары вакцинаны Қырғызстанға алып келу бойынша сөйлесулер жүргізіп жатыр", - деді президент.

Әлемде бірқатар елдер Ресейде әзірленген вакцинаны клиникалық сынауға байланысты күмәнді жағдайлар бар екенін айтқан.

"Дәрігерлер анықтамасы" сервисінің сауалнамасы бойынша Ресейдегі дәрігерлердің көбі вакцинаға күмәнмен қараған.

Ал вакцинаны әзірлеген Гамалея орталығы күмән келтіру негізсіз деп атап өтті.

XS
SM
MD
LG