Ақпаратқа қарағанда, қыздың ағасы 72 сағатқа қамалды. Егер зорлау фактісі анықталса, қылмыстық іс қозғалады. Ал қыздың жеңгесіне "әдейілеп денеге ауыр зияын келтірді" бабы бойынша іс қозғалды.
Осыған дейін жәбірленушінің анасы қызын қайнысы зорлағанын айтып, арыз жазған.
Турсунзаде қаласының тұрғыны 20 тамызда "Озодиге" сұқбат беріп, төрт жасар қызы тамыздың басында бұрынғы күйеуінің үйінде болғанын айтқан.
"Күйеуіммен үш жыл бұрын ажырасып кеткем, ол маған алимент төлейді. Сондықтан ол қызымен кездесіп тұруға құқығы бар. Құрбан айттың алдында күйеуімнің інісі және қарындасы қызымды алып кеткен. Кейін қайынатам звондап, қызымның ауырып қалғанын айтты. Мен оны ауруханаға алып бардым. Дәрігерлер операция жасап, қызымның зорланғанын айтты", - деген.
Сот-медициналық сараптама бойынша қызының зорланғаны расталған.
Келіні қайын жұрты ешқандай зорлық әрекетін жасамағанын, ол өш алу мақсатында осындай оқиғаны ойлап тапқанын жеткізген.
Турсунзаде қалалық прокуратурасы "16 жасқа жетпеген жасөспіріммен жыныстық қатынаста болу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Тәжікстанда адам зорлау үшін 12 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру мен өлім жазасы қарастырылған. Бірақ өлім жазасына 2004 жылдан бері мораторий енгізілген.