Ссылки доступа

Иранда 27 жастағы балуанның өлім жазасына кесілуі олимпиада комитетінің үрейін ұшырды


Навид Афкари
Навид Афкари

Халықаралық олимпиада комитеті ирандық балуан Навид Афкаридің өлім жазасына кесілуі қорқыныш туғызды деп мәлімдеді.

Кісі өлтірді деп айыпталған ирандық спортшы Навид Афкари 12 қыркүйекте өлім жазасына кесілген.

Навид Афкари Иранның күрес бойынша чемпионы болған. Ол 2018 жылы Иран оңтүстігінде Ширазе қаласында үкіметке қарсы наразылық акциялары кезінде адам өлтірді деп айыпталған. Бұл халықаралық дау туғызған.

Афкаридің туыстары және белсенділер құқық қорғау органдары оны қинап, өзі жасамаған істі жасады деп айтқызуға мәжбүрлегенін айтып келді. Спортшының адвокаты оның кінәсі туралы ешқандай дәлел жоқ екенін білдірген.

Иранның сот жүйесі азаптау бойынша айыптауларды теріске шығарған.

Спортшылардың бүкіләлемдік кәсіподағы егер өлім жазасы жүзеге асса, Иранды әлемдік спорттан шеттеуге шақырған.

XS
SM
MD
LG