"Интерфакс" агенттігі мәлімдегендей, маршқа шыққандар бірнеше колоннаға бөлініп, олардың бірі президент Александр Лукашенконың резиденциясы жайғасқан Дрозды аймағына бағыт алған.
Куәгерлер милиция демонстранттарды сойылдармен ұрып, көліктерге күшпен салып жатқанын айтып берді.
Астана орталығында бронетехника және әскери көліктер қойылған. Метроның сегіз станциясы жабық болған. Бірқатар жерде мобилді интернет өшріліген.
Беларусьтағы акциялар 9 тамызда президент сайлауында елді 26 жылдан бері басқарып келе жатқан Александр Лукашенконың жеңгені жарияланғаннан кейін басталған. Сайлау бұрмаланған деген оппозиция және демонстранттар президент отставкасын талап етіп жатыр.
Акцияларда тәртіп қорғаушылар мен қауіпсіздік органдарының қызметкерлері адамдарға зорлық-зомбылық көрсеткен. Акция басталғаннан бері төрт адам қайтыс болып, жүзден астам адам жараланған. Нақты қанша адам қамалғаны белгісіз.
14 қыркүйекте Лукашенко Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі деген ниетте. Бұл сайлаудан кейінгі алғашқы кездесу болмақ. Батыстың бірқатар елдері сайлау нәтижесін мойындаудан бас тартқан.