Ссылки доступа

Тәжікстанда Демократиялық партия лидерін президенттікке үміткер ретінде тіркеуден бас тартты


Тәжікстанның Демократиялық партиясының төрағасы Саидджафар Усмонзода.
Тәжікстанның Демократиялық партиясының төрағасы Саидджафар Усмонзода.

Тәжікстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Демократиялық партия лидері Саиджафар Усмонзоданы президенттікке үміткер ретінде тіркеуден бас тартты.

ОСК мұндай шешімді демократтар өкілі сайлаушылардың тиісті қолын жинай алмағанымен түсіндірді. Тәжікстанда президенттікке үміткер болғысы келетіндер дауыс беру құқығына ие азаматтардың 5% қолдауына ие болуы керек.

Усмонзода 2013 жылы да президенттікке үміткер ретінде түсіп, бірақ тиісті қол жинай алмаған.

Бір күн бұрын тәжік ОСК президенттікке бес үміткердің тіркелгенін хабарлаған. Олар - Аграрлық партиядан Рустам Латифзода, Социалистік партиядан Абдухалим Гаффорзода, биліктің Халықтық-демократиялық партия атынан, Тәуелсіз кәсіподақ ұйымы және Жастар бірлестігі атынан қазіргі президент Эмомали Рахмон, Экономикалық реформалар партиясынан Рустам Рахматзода және Коммунистік партиядан Мирож Абдуллоев.

Тәжікстанда кезекті президент сайлауы 11 қазанда өтеді.

XS
SM
MD
LG