Ссылки доступа

COVID-19: Түркіменстанда дәрігерлер өз қалауымен жұмыстан кетіп жатыр


Түркіменстан (көрнекі сурет)

Ресми түрде коронавирус жұқтырған бірде бір жағдай тіркелмеген Түркіменстанда дәрігерлердің COVID-19 жұқтырып алу қауіпі жоғары болып тұр. Бұл туралы Азаттықтың түркімен қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, елде коронавирустың белгілерімен ауруханада жатқан медицина қызметкерлері көбейіп жатыр. Олардың арасында өз қалауымен жұмыстан кеткендер де аз емес.

"Көп профилді ауруханада коронавирус белгілері байқалған медбикелер мен дәрігерлер көбейіп жатыр. Қазір аурухананың 62 жастағы хирургы ауыр халде жатыр. Оның ұлы мен қызы да ауруханада жатыр. Қазіргі жағдайдан қорқып жатқан дәрігерлер өз еркімен арыз жазып, кетіп жатыр", - деді Түркмөнабад қаласындағы ауруханалардың бірінің қызметкері.

Ол сонымен бірге ауыр жағдайда жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлерінің айлықтары да уақытында төленбей жатыр деді.

"Лебаптағы көп профилді аурухананың бюджеті науқастардың есебінен құралады. Қазіргі жағдайға байланысты ол карантиндік аймаққа алынғандықтан, кіріс түспей жатыр, үкімет тарапынан қолдау жоқ", - деді аурухана дәрігерлерінің бірі.

Түркіменстан билігі өлкеде коронавирус жұқтырған бірде бір адам жоқ екенін айтып келеді.

XS
SM
MD
LG