Ссылки доступа

Өзбекстанға шетелден аударылатын ақша көлемі азайып жатыр


2020 жылы Өзбекстанға шетелден аударылатын ақша көлемі 5,4 процентке азайған. Бұл туралы елдің Орталық банкі хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, 2020 жылдың алғашқы сегіз айында шет елдерден Өзбекстанға 3,7 миллиард доллар аударылған. Бұл 2019 жылдың осы уақыт аралығымен салыстырғанда 209 миллион долларға немесе 5,4 процентке аз.

Қаңтарда Өзбекстанға сырттан 400 миллион, ақпан айында 385 миллион доллар аударылған. Ақша аударымы наурыз және сәуір айында аз болған — наурызда 296 миллион, сәуірде 250 миллион доллар. Мамыр айында ақша аударулардың көлемі сәуірде салыстырмалы түрде екі есеге көбейіп, 485 миллион долларды құраған. Маусымда шетелден 621 миллион доллар, шілдеде 597 миллион доллар аударылған.

XS
SM
MD
LG