Ссылки доступа

Ташкентте сот Korean and Migrations жұмыспен қамту агенттігіне үкім шығарды


14 қыркүйекте Ташкент қаласы Яккасарай аудандық соты Korean and Migrations xususiy bandlik agentligi жұмыспен қамту агенттігіне үкім шығарды.

Өзбекстан Жоғарғы соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, агенттік директоры Кахрамон Отакулов пен агенттіктің Наманган облыстық филиалының директоры Одил Кабилов 9 жылға сотталды. Сонымен бірге олар үш жыл басшылық қызмет атқара алмайды. Агенттік құрылтайшысы Хушвакт Турдиев пен агенттіктің оқу істері жөніндегі директоры Мусурмон Аликулов 8 жыл үш айға сотталды. Олар да үш жыл бойы басшылық қызметке орналаса алмайды.

Еске салайық, Korean and Migrations xususiy bandlik agentligi жекеменшік агенттік қызметкерлерінің соты биыл 2 маусымда басталған. Агенттік өкілдері өзбекстандықтарға шетелден жұмыс тауып береміз деген уәдемен ақша жинаған.

2372 азамат агенттік үстінен шағымданды. Олар 24,2 млрд сумға (шамамен 2,5 млн доллар) алданған.

XS
SM
MD
LG