Ссылки доступа

Тәжікстанда мемлекеттік мекемелер жасы үлкен жұмысшыларды демалысқа жіберіп жатыр


Пожилые сотрудники хукумата устанавливают флаг Таджикистана на государственном учреждении

Тәжікстанның мемлекеттік мекемелері жасы үлкен және зейнет жасындағы жұмысшыларды жалақысыз демалысқа жіберіп жатыр.

Коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штаб басшысының орынбасары Хасан Холикзоданың Озоди радиосына айтуынша, "60 және одан жоғары жастағылар демалысқа шықты. Мұндай шара коронавирустың таралуын тежеу мақсатында қабылданды".

Шенуніктің айтуына қарағанда, жұмысшылар өзін жайсыз сезінсе, онда олар дәрігерге қаралып, денсаулығына байланысты демалысқа шығуы керек.

Тәжікстан елде коронавирус тіркелгенін биыл 30 сәуірде жариялады. Денсаулық сақтауминистрлігінің мәліметі бойынша, республикада 8939 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. 7714 адам аурудан жазылып шыққан.

XS
SM
MD
LG