Ссылки доступа

ЕДҚБ-нің бұрынғы басшысы өзбек президенті Мирзияевтің кеңесшісі болады


Еуропаның даму және қайта құру банкінің бұрынғы президенті Сума Чакрабарти Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің экономикалық даму, тиімді басқару және халықаралық әріптестік мәселелері жөніндегі кеңесшісі болады. Бұл туралы ЕДҚБ-нің экс-басшысы Twitter'де хабарлады.

"[Президент Шавкат Мирзияевқа] реформалар бағдарламасын жүзеге асыруға көмектесетін сәтті асыға күтемін", – деп жазды Сума Чакрабарти.

Сонымен бірге ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың да кеңесшісі болып тағайындалғанын хабарлады.
Сума Чакрабарти Еуропаның даму және қайта құру банкін 2012-2020 жылдар аралығында басқарған.
Еске салайық, биыл шілде айында президент Шавкат Мирзияев Сума Чакрабартиді "Дустлик" орденімен марапаттаған еді.
XS
SM
MD
LG