Ссылки доступа

Қырғыздың сайлау комиссиясы парламент спикерінің жас анаға сыйлаған 50 мың сомын тексереді


Жогорку Кенеш спикері Дастанбек Жумабеков Талас облысы Кызыл-Адыр ауылының тұрғынына 50 мың сом (630 доллар) сыйлаған. Жумабеков "Қырғызстан" партиясы атынан парламент сайлауына түседі.

Хабарларға қарағанда, Жумабеков жас анамен Талас облысына жұмыс сапары кезінде танысқан. Ана тұңғыш ұлына спикер есімін берген. Депутат аудандық перзентханаға барған.

"Жаңа спикер сайланғанша Дастанбек Жумабеков Жогорку Кенеш төрағасы қызметін атқара береді. Келіншек баласына спикердің есімін берген. Ол анаға материалдық көмек берген. Біз бұл мәселені заңгерлермен талқылаймыз", - деді Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Жоомарт Максатбеков.

Парламенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, спикер жас анаға "сүйінші" ретінде өз отбасы атынан 50 мың сом берген.

Орталық сайлау комиссиясы сайлауалды үгіт-насихат кезінде кандидаттар қайырымдылықпен айналыспау керектігін ескертеді. Қаржылай көмек дауысты сатып алу деп саналады.

XS
SM
MD
LG