Ссылки доступа

Қырғыздың Мәскеудегі елшілігі бұрынғы елшінің Қырғызстан Ресейге қосылуы мүмкін деген мәлімдемесіне пікір білдірді


Ресейдегі қырғыз азаматтар бұрынғы елші Райымкул Аттокуровтың "Қырғызстан Ресей құрамына кіруі мүмкін" деген мәлімдемесіне түсініктеме беруін сұрады. Бұл туралы Қырғызстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елшіліктің хабарлауынша, мұндай мәлімдемеге ешқандай негіз жоқ, ал Аттакуров болса Ресей азаматтығын алған, ол жеке пікірін айта алады.

"Қырғызстан - тәуелсіз, зайырлы мемлекет, халықаралық құқық субъектісі және халықаралық қатынастардың тең құқылы қатысушысы. Бұған қоса, Конституцияда орыс тілі мемлекеттік емес, ресми тіл екені айтылған. Қырғызстан басшылығы тәуелсіздікті, мемлекет аумағының тұтастығын сақтауды және ұлт мүддесін қорғауды көздейді" делінген елшілік мәлімдемесінде.

Бұның алдында Қырғызстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Райымкул Аттокуров орыс басылымына берген сұхбатында "Қырғызстан Ресей құрамына кіру мүмкіндігін талқылап жатыр" деп мәлімдеген. Әлеуметтік желі қолданушыларды бұрынғы елшінің мұндай мәлімдемесін сынады.

XS
SM
MD
LG