Ссылки доступа

Билік әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын ұстап тұруға уәде берді (видео)


Қазақстанда азық-түлік бағасы мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар қымбаттап жатыр. Билік бағаны тұрақтандырамыз деп уәде етсе, халық коронавирус эпидемиясының екінші толқыны бағаның күрт өсіп, тауар тапшылығына әкеледі ме деп қауіптенеді.

Что уже подорожало в Казахстане с начала года
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:56 0:00

Қазақстанда жылдан жылға не қымбаттап жатыр? Пәтер, көлік, сосын әрине азық-түлік. Қаңтар айынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлар 4,5 процентке өсті деп мойындайды сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

"Бірақ 2019 жылдың дәл қазіргі уақытымен салыстырғанда, жалпы бағаның өсімі екі есеге төмен. Бағаның өсуіне негізгі себеп карантин енгізуге байланысты тауар айналымының тоқтауы",- деп атап өтті Сұлтанов.

Бірақ тұрғындар азық-түлік бағасы едәуір қымбаттады дейді.

Азық-түлік жеткізумен айналысатын қазақстандық кәсіпкерлер коронавирустың екінші толқынынан қауіптенеді. Тағы да карантин шараларын қатайтып, баға күрт өсуі мүмкін дейді.

Как поднять экономику после коронавируса? Предложения лидеров стран Центральной Азии
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:27 0:00

Экономист Арман Бейсембаев егер коронавирустың екінші толқыны мұнай бағасына әсер ететін болса, домино эффектісіне әкелуі мүмкін дейді.

"Бізде барлық жерде тек импорт, жүз пайыздық қазақстандық өнім мүлдем жоқ. Сол себептен доллар бағамы өссе, бірден инфляция болады", - дейді экономист.

Премьер-министр әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұруға жергілікті билікке тапсырма берді. Шенеуніктер азық-түлік бағасын ұстап тұруға бюджеттен 17 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG