Ссылки доступа

Тәжікстанда екі үміткер президент сайлауына жіберілмеді (видео)


Саидджафар Усмонзодa

Тәжікстан Орталық сайлау комиссиясы екі үміткерді президенттік сайлауға қатыстырудан бас тартты: Демократиялық партия лидері Саидджафар Усмонзода мен өзін өзі ұсынған Фаромуз Иргашев.

ОСК мәліметінше, Иргашев сайлаушылардың тиісті қолын жинай алмаған.

Два политика, которых не допустили к выборам президента Таджикистана: кто они
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:44 0:00

Ал Усмонзода болса өзін сайлауға жібермеген ОСК-пен соттаспайтынын жеткізді.

"Біз тиісті қол жинап, өткіздік. Барлық құжаттар заңды болды. Бірақ тіркеуден бас тартты деген ресми емес ақпарат алдық", - дейді Саидджафар Усмонзода.

Ал өзін өзі ұсынған адвокат Фаромуз Иргашев миллион сайлаушының төрттен бірі, яғни 250 мың адамның қолын жинай алмаған. Ол бар болғаны 85 мың дауыс жинап үлгердім дейді. Енді ол жинаған барлық қолды жоятынын мәлімдеді. Себебі, ертеңгі күні жақтастарына өзіне бола проблема туындағанын қаламайтынын айтады.

Иргашев сайлау заңын қатайтып тастағаны үшін билікпен соттасамын деп отыр. Оның ойынша, 30 жасқа толған әрбір тәжікстандыққа сайлауға түсуге мүмкіндік берілуі керек.

"Мен Тәжікстанның Конституциялық сотына өтініш түсіремін. Сайлау заңын өзгерту керек", - дейді Иргашев.

Тәжікстанда президент сайлауы биыл 11 қазанда өтеді. Оған бес саяси партияның атынан бес үміткер қатысады. Арасында әрине қазіргі президент Эмомали Рахмон да бар.

XS
SM
MD
LG