Ссылки доступа

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарадағы даулы жер жөнінде келіссөз жүргізе бастады


Қырғыз-өзбек мемлекеттік шекараларын делимитациялау және демаркациялауға байланысты екі елдің үкіметі жанындағы жұмыс тобы кездесу өткізді деп хабарлайды Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Жалалабад облысындағы Ала-Бука мен Аксый аудандарындағы келісілмеген жер учаскелерін талқылаған.

Үкімет мәліметінше, тараптар ортақ пікірге қол жеткізген.

Биыл тамыз айында Қырғызстан мен Өзбекстан шекара жөнінде келіссөзді қайта бастап, екі қаулыға қол қойған. Коронавирус пандемиясына байланысты бұл мәселе кейінге шегерілген болатын.

Қырғызстан мен Өзбекстан арасында жалпы шекара қашықтығы 1378 шақырымды құрайды, оның 85 проценті, яғни 1170 км-ы белгіленген. Қалған 10 проценті әлі келісілмеген болатын.

XS
SM
MD
LG