Ссылки доступа

Ресейде мемлекеттік думаға "экстремистік" сайттарды бұғаттау жөнінде заң жобасы түсті


РФ Мемлекеттік дума ғимараты

Мемлекеттік думаға экстремистік сайттар деп танылған интернет-ресурстарды сот шешімінсіз бұғаттауға мүмкіндік беретін заң жобасы түсті.

Ол үшін тек бір ғана эксперттің пікірі жеткілікті. Құжат авторы - "Единая Россия" партиясы атынан мемлекеттік дума депутаты Рамзил Ишсарин.

Қазір Ресейде экстремистік деп танылған сайттарды тек сот шешімімен бұғаттай алады. Олар Роскомнадзор мен Біріңғай реестрге енгізілгеннен кейін бұл істі прокуратура мен тергеу ісінің өтініші бойынша федералдық сот қарайды.

Жаңа заң жобасын әзірлеушілердің пікірінше, қазіргі қолданыстағы тәртіп тиімсіз. Бір сайтты бұғаттау үшін тым көп уақыт кетеді.

XS
SM
MD
LG