Білім мекемесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, студенттер диплом жұмысын онлайн-форматта қорғайды, оған комиссия қатысады.
Бұның алдында әлеуметтік желілерде студенттер диплом жұмысын жазбайды екен деген ақпарат тараған.
Қырғызстанда плагиатты анықтайтын "Анти-Плагиат" жүйесі қолданылады. Ол Жоғарғы аттестациялау комиссиясының сайтында бар.
2018 жылы Бас прокуратура ғылыми жұмыстарында плагиат анықталған бірнеше шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғаған.