Ссылки доступа

ХВҚ Тәжікстанға дағдарысқа ұшыраған екі банкті жоюға кеңес берді


Очередь вкладчиков у "Точиксодиротбанка". 2019 год

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) тәжік билігіне дағдарысқа ұшыраған екі банкті – Точиксодиротбанк пен Агроинвестбанкті жоюға кеңес берді. Қаржы ұйымының 14 қыркүйекте жарияланған ресми хабарламасында бұл банктер "төлем қабілеті жоқ" ұйымдар деп сипатталды.

Тәжікстан бұған дейін де Таджпромбанк пен Фононбанкті банкрот деп жариялаған.

Бұның алдында Халықаралық валюта қоры делегациясының басшысы Падамжа Хандевал Тәжікстанға "виртуалды сапар" жасаған.

Шын мәнінде Хандевал Тәжікстанға келген жоқ, Интернет арқылы елдегі экономикалық жағдайды шенеуніктермен талқылаған.

Халықаралық валюта қоры тәжік үкіметіне валюта жетіспеушілігі мәселесін шешуді ұсынды. Тәжікстанда қазір доллар жетіспейді. Банктер алдында валюта сатып алушылардың кезегі жиіледі. Республикада бір адамға 200 доллардан артық бермейді.

Тәжікстанда дағдарысқа ұшыраған банктердің салымшылары бес жылдан бері салымдарын қайтара алмай жүр.

XS
SM
MD
LG