Ссылки доступа

Өзбекстанда компьютерлік томографияға сұраныс артты


Өзбекстанның Термез қаласында тұрғындар түнгі сағат үштен бастап компьютерлік томографияға кезекке тұруға мәжбүр.

Жергілікті медициналық клиниканың мәліметі бойынша, соңғы кездері өкпесін тексерткісі келетіндер көбейді. Медициналық орталық дәрігерлері күніне 40 адамды ғана қабылдап үлгереді. Дәрігерлердің айтуынша, Сұрқандария аумағында пневмонияға шалдыққандар көбейді. Сол себепті вирус симптомдарын байқаған тұрғындар өкпесін тексертуге асығады.

"Машхура" жекеменшік медицина орталығының мамандары тұрғындар кезекке тұру үшін түнгі үштен бастап жиналатынын растады.

– Шынымен біз адамдарды түнгі үштен бастап кезекке тіркей бастаймыз. Өйткені адам көп, - деді орталық өкілі.

Дәл осындай көріністі Ташкент және Самарқанд облыстарынан байқауға болады.

Өзбекстанда нақты қанша адам пневмонияға шалдыққаны әлі күнге дейін белгісіз.

XS
SM
MD
LG