Ссылки доступа

Тәжікстан қыркүйек айының соңына дейін Ресейге 70 рейс ұшырып, азаматтарын алып кетпек


Тәжікстанның "Сомон Эйр" әуе компаниясы 16-30 қыркүйек аралығында қосымша 71 рейс ұшырып, Ресейдегі азаматтарын алып қайтпақ. Осылай деп Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

"Тәжікстанға қайтқысы келетін азаматтар міндетті түрде COVID-19 вирусына сынама тапсыруы керек. 3 жасқа дейінгі балаларға анықтама қажет емес" деп атап өтті аталған мекеме.

Тәжікстан коронавирус пандемиясы басталған наурыз айының аяғынан бері шекараларын, сонымен бірге әуе қатынасын уақытша тоқтатқан. Мыңдаған тәжік мигранты отанына қайта алмай, шетелде қалып қойды.

Ресей 1 тамыздан бері шектеулі елдермен ғана әуе қатынасын қалпына келтірді. Ал Тәжікстанмен тұрақты әуе байланысын қашан қалпына келтіреді, әзірге белгісіз.

Интерфакс агенттігі дереккөзіне сілтеме жасап, Мәскеу бір ай ішінде ТМД елдерімен әуе қатынасын қалпына келтіруі мүмкін деп хабарлады.

"Қазан айынан бастап ТМД елдерінің астанасымен, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Ташкент, Баку, Ереван және басқа елдермен әуе байланысын қалпына келтіру жөнінде мәселе талқыланып жатыр", - деген дереккөз.

Тәжікстанның мыңдаған азаматы жыл сайын Ресейге жұмыс іздеп кетеді. Былтыр Ресейден Тәжікстанға аударылған ақшаның көлемі 2,5 млрд доллар болған. Биыл тек 359 млн доллар түскен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 22 процентке аз.

XS
SM
MD
LG