Ссылки доступа

Қырғызстанда тау көшкен Кара-Кечеде айналып өтетін жол салына бастады


Кара-Кечеде тау көшіп, көшкін басып қалған жерді айналып өтетін жаңа тас жол салына бастады. Бұл туралы 16 қыркүйекте Көлік және жолдар министрлігі хабарлады.

Мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға болған жерге арнайы комиссия барып, жолды көшкіннен тазалау мүмкін емес екенін анықтаған және айналма жол салу керек деген шешімге келген.

Министрліктің баспасөз қызметінің өкілі Бегайым Қанатқызының айтуынша, жол құрылысы сәрсенбіде басталады.

Жолдың бір жолағын салуға 10-12 күн кетеді.

14 қыркүйекте Нарын облысына қарасты Жумгал ауданында тау көшкен. Дыйкан ауылын Кара-Кече көмір кенімен байланыстырып тұрған жол көшкін салдарынан жабылып қалған.

Әзірге адам өміріне зиян келгені туралы мәлімет жоқ.

XS
SM
MD
LG