Ссылки доступа

Тәжік милициясы электр қуатын ұрлау қылмысын ашты


Душанбе милициясы мыңдаған тұтынушыға электр қуаты үшін аз ақша төлеуге жағдай жасаған қылмыстық топ әрекетін әшкереледі.

Қаланы жарықпен қамту басқармасының ондаған бақылаушысы кәсіпорындары мен бірқатар тұрғындардың тұтынған электр қуатын азайтып көрсеткен.

Милиция в Таджикистане раскрыла схему воровства электричества с участием контролеров
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:14 0:00

Сарапшылар Тәжікстанда электр желісі мекемесінің қызметкерлері үнемі алаяқтық әрекет жасайтынын айтып отыр. Кейбір мәліметке қарағанда, республикада өндірілетін электр қуатының шамамен он пайызы жоғалған қуатқа жатқызылып, оның ақшасы төленбейді. Бірақ жоғалған қуаттың нақты көлемін ешкім айта алмайды.

Душанбе милициясы алаяқтық жолмен жарық құнын аз төлеп келген ер азаматты ұстады. Күдікті Тожиддин Собиров: "Жарықты бақылаушылар маған есептеу құралын береді. Мен жарық көрсеткішін азайтып, бақылаушыларға қайтардым", - деген.

"Барки Тоджик" мемлекеттік холдингі - Тәжікстанда шығынмен жұмыс істейтін кәсіпорындардың бірі. Компания қарызы 2 миллиард 800 миллион доллардан асып кетті.

XS
SM
MD
LG