Ссылки доступа

Түркия Қырғызстанға парламент сайлауын өткізу үшін 100 мың доллар береді


Қырғызстан парламент сайлауын өткізу үшін Түркиядан 100 мың доллар сұрады.

Түркияның Қырғызстандағы елшілігінің хабарлауынша, Қырғызстан дауыс беруге арналған автоматты жәшіктер мен мониторлар үшін қаржылай көмек сұрады.

Сонымен бірге түріктің Әріптестік және Үйлестіру жөніндегі агенттігі (TİKA/ТИКА) Қырғызстанның құқық қорғау органдарының 21 қызметкеріне сайлау қауіпсіздігі жөнінде тренинг өткізді. Түркия Қырғызстандағы парламент сайлауына бақылаушыларын жібереді.

Қырғызстан билігі 2020 жылғы сайлауға республикалық бюджеттен 732 млн сом бөлді. Алайда кейін Орталық сайлау комиссиясы шығынды 446,9 млн сомға (5,6 млн доллар) қысқартқанын хабарлады.

Парламенттің кезекті сайлауы биыл 4 қазанда өтеді. Оған 16 партия қатысады.

XS
SM
MD
LG