Ссылки доступа

Өзбекстанда милиция қызметкерлері азаптап өлтірген кісінің жесірі сотталушыларды босатуын сұрады


Гузаль Абдиева – жена Қашқадария облысында жергілікті милияция қызметкерінің қолынан қаза тапқан 32 жастағы Юсуф Абдурахмановтың әйелі Гузаль Абдиева айыпталушы Нұрбек Овлаев пен Анвар Жонкобиловты босатуын соттан сұрады.

Жәбірленуші 16 қыркүйекте өткен сот отырысында осындай өтініш жасаған.

"Мен олардың балаларын ойладым. Олардың да әйелі бар. Мен сол туралы ойладым. Сегіз ай бойы жыладым. Қиындық көрдім. Дұшпаныма да мұндай қайғы тілемеймін. Жазасын Құдайдан алсын. Президент қанша адамға рақымшылық жасап жүр. Мен екі адамды кешіре алмаймын ба?" – деді марқұмның жесірі Гузаль Абдиева.

Оның пікірінше, айыпталушылар 50 жылға сотталса да, өлген адам қайтып келмейді.

Қылмыстық істі Жоғарғы сот судьясы К. Толлибоев қарап жатыр.

Юсуф Абдурахманов биыл қаңтар айында мал ұрлады деген күдікпен ұсталған. Оны Чиракчи аудандық милиция бөлімшесіне жетізген. Ертесіне күдікті милиция қызметкерлерінің соққысынан қаза тапты.

XS
SM
MD
LG