Ссылки доступа

Қырғызстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі екі айға қамалды


Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі болған Космосбек Чолпонбаев 15 қарашаға дейін тергеу изоляторына жабылды. Тиісті шешімді Бірінші май аудандық соты қабылдады.

Экс-министрдің жақындарының айтуынша, ол қазір #1 тергеу абақтысында жатыр.

Чолпонбаев қаржы полициясы тарабынан қызметін асыра пайдаланды және жұмысына салғырттық танытты, мемлекетке 9 млн сом шығын келтірді деген күдікпен 15 қыркүйекте ұсталған.

Космосбек Чолпонбаев 2018 жылдың 20 сәуірінен 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

Ол шілде айында тергеуге шақырылған.

31 наурызда Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ел президенті COVID-19 вирусына қарсы күрес жөніндегі республикалық штаб жұмысын сынға алған. Осыдан кейін көп ұзамай Космосбек Чолпонбаев қызметінен босатылды.

XS
SM
MD
LG