Ссылки доступа

Ташкентте Кореямен бірлескен ісік ауруларын емдейтін орталық салынады


Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі Алишер Шодмонов пен Корея медицина қауымдастығының ғылыми-зерттеу комитетінің төрағасы, Корея университетінің профессоры Чой Чже Укпен кездесуден кейін Ташкентте қауіпті ісік ауруларын емдейтін орталық ашылатыны хабарланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ол Ұлттық балалар медициналық орталығының аумағында салынбақ. Дәл осы аймақта медициналық университет салынады.

"Кездесу барысында медициналық университет пен ісік ауруларын емдейтін орталық Кореямен бірлескен медициналық кешеннің аумағында салынады. Осылайша елде медицина саласында ғылым мен тәжірибені қатар дамыту қолға алынады", - делінген хабарламада.

Кездесу барысында коронавирус жұқтырған науқастарды тиімді емдеу мәселесі де көтерілді.

XS
SM
MD
LG