Ссылки доступа

Тәжікстан билігі банкрот алдында тұрған екі банкті әзір жоймайтынын мәлімдеді


Тәжікстанның Ұлттық банкі 17 қыркүйекте "Точиксодиротбанк" мен "Агроинвестбанк" салымшыларына ақшаны толық қайтармай, банкрот деп жарияламайтынын мәлімдеді.

Аталған қаржыны реттеуші мекеме Халықаралық қаржы қорының (ХҚҚ) екі банкті жою туралы ұсынысына байланысты осылай жауап берді. Жыл басынан бері ХҚҚ осымен екінші рет проблемалық банкті жою туралы ұсыныс білдірді.

Еуропа қайта құру және даму банктің Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша үйлестіруші Антон Усов "Агроинвестбанкті" қайта құруда ашықтықты қолдайтынын мәлімдеген. "Біз қазір Ұлттық банк шешімін күтіп отырмыз. Бұл банктің акционерлерінің бірі ретінде қайта құруды қолдаймыз", - деген Антон Усов.

2018 жылдың мамыр айында "Точиксодиротбанк" Сауд Арабияның "Saudi Investment Group" инвестициялық компаниясымен алдын ала келісімге келген. Аталған компания банктің 51 процент акциясын сатып алуға ниет білдірген. Сонымен бірге Қытайдың Жунань темір жол корпорациясы да аталған банктің 70 процент акциясын сатып алуға қызығыушылық білдірген. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты бұл процесс әзірге тоқтап тұр.

Тәжікстан осыған дейін "Таджпромбанк" пен "Фононбанкті" банкрот деп таныған. Олардың лицензиялары 2017 жылы қайтарып алынған.

"Точиксодиротбанк" пен "Агроинвестбанк" 2015 жылдан бері дағдарысты бастан өткеріп, салымшыларының ақшасын қайтара алмай келеді. 2016 жылдың соңында тәжік билігі 3,3 млрд сомони қаржы құйған. Бірақ мұндай көмек банкті тығырықтан шығара алмады. Бес жылдан бері аталған екі банктің салымшылары ақшасын қайтара алмай келеді.

Бір ғана "Агроинвестбанктің" салымшылар алдындағы берешегі 750 млн сомониді (75 млн доллар) құрайды.

XS
SM
MD
LG