Ссылки доступа

Еуропарламент Навальныйдың улануына байланысты халықаралық зерттеу жүргізуге шақырды


Еуропалық парламент ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың улануына байланысты ЕО, БҰҰ, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым және Еуропалық кеңестің қатысуымен халықаралық зерттеу жүргізуге шақырды.

Еуропарламент депутаттары қабылдаған резолюцияда кінәлілерді жауапқа тарту да көтерілген.

Онда Навальныйды өлтіруге әрекеттену Ресейде билікті сынаушылардың үнін өшіруге тырысуға бағытталғаны айтылған.

Еуропарламент ЕО-ға Ресеймен қарым-қатынаста жаңа стратегия әзірлеп, жақын арада шектеу шараларының жаңа тізімін әзірлеуді ұсынды. Онда Коррупцияға қарсы күрес қорының жетекшісін уламақ болғандарға санкция енгізу жөнінде айтылған.

Навальный 20 тамызда Томскіден Мәскеуге ұшып бара жатқан кезде жағдайы күрт нашарлап, басында Омбы ауруханасында жатып, кейінірек Германияға эвакуацияланған. Неміс зертханасының мамандары жемқорлықпен күресіп жүрген оппозициялық саясаткердің совет кезінде жасалған жүйке жүйесін істен шығаратын "Новичок" тобына жататын удан уланғанын айтты.

XS
SM
MD
LG