Ссылки доступа

Тәжікстан мен Ауғанстан стратегиялық әріптестік туралы келісімге отырады


Президент Таджикистана Эмомали Рахмон принял и.о. главу МИД Афганистана Ханифа Атмара. Фото пресс-службы президента Таджикистана

Тәжікстан мен Ауғанстан стратегиялық әріптестік туралы келісім қабылдайды. Бұл туралы 17 қыркүйекте Ауғанстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады. Құжат қашан қабылданатыны әзірге белгісіз. Тәжікстан Ресеймен, Қытаймен, Қазақстанмен және Өзбекстанмен осындай келісімге отырған.

Тәжікстан мен Ауғанстанның сыртқы істер министрлерінің делегациялары Душанбеде кездесті. Жүздесуде ауған министрі көрші елдер әріптестікті дамытып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде бірлескен бағдарлама дайындай алады деп мәлімдеді. Кабулдың хабарлауынша, Тәжікстанның сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин екі елдің стратегиялық әріптестік туралы келісім қабылдау жоспарын құптады.

Тәжікстан билігі бұл мәліметке қатысты әзірге ақпарат таратпады. Тәжік сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратта көрші елдер түрлі салалардағы әріптестік туралы бірнеше жаңа құжат қабылдайды делінген.

Ауғанстан сыртқы істер министрі қызметін атқарушы Ханиф Атмар екі күндік сапармен Душанбеде жүр. Бейсенбіде ол тәжік президенті Эмомали Рахмонның қабылдауында болды.

Тәжікстан Ауғанстанның "Талибан" қозғалысын мойындамаған жалғыз көршісі. Душанбе радикалды топпен күресте Кабулға үнемі қолдау көрсетіп келеді.

XS
SM
MD
LG