Ссылки доступа

Бұрынғы модель Трампты зорлық көрсетті деп айыптады


Дональд Трамп
Дональд Трамп

Бұрынғы модель Эми Доррис АҚШ президенті Дональд Трампты сексуалдық сипатта зорлық көрсетті деп айыптады. Бұл туралы The Guardian хабарлады.

Дорристің айтуынша, зорлық оқиғасы Нью-Йоркте, 1997 жылы, теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігінде болған. Ол кезде Трамп кәсіпкер болды. Бұрынғы модельдің айтуынша, кездесуден соң Трамп оны құшақтаған.

Президенттің адвокаттары бұл айыптарды жоққа шығарып отыр. Модель бұл оқиғаны ешкімге айтпаған, полицияға хабарламаған дейді адвокаттар. Олар мұндай айыптың саяси астары болуы мүмкін екенін айтты. Биыл 3 қарашада АҚШ-та президент сайлауы өтетіні белгілі.

Президент Трампқа мұндай айыптар бұған дейін тағылған. Осыған ұқсас жанжал бұған дейінгі президент сайлауында да болған. Сол кезде Трамптың кез келген қызды иелене алатын жұздыз екенін айтып мақтанған аудиотаспа жарияланған. Трамп өз сөзі үшін кешірім сұраған.

XS
SM
MD
LG