Ссылки доступа

Өзбекстанның вице-премьері коронавирустан қайтыс болды


Уктам Барноев

Өзбекстанның вице-премьер-министрі Уктам Барноев 56 жасында көз жұмды. Жергілікті басылымдар мәліметіне қарағанда, шенеунік коронавирус жұқтырып, инсульт алған. Оны емдеу үшін Германияға жеткізіліп, бірақ сол жақта қайтыс болған.

Бірақ ресми бұлақтар мұндай мәліметтерді жарияламады.

Марқұмды Бұхараға жерлеу рәсімі жүргізіліп жатқаны, президенттің Бұхараға баратыны хабарланды. Барноев 2016 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың ақпанына дейін Бұхара облысының әкімі болған. Кейін үкімет басшысының аграрлық және азық-түлік саласы бойынша орынбасары қызметін атқарған.

Почему в странах Центральной Азии такая разная статистика по коронавирусу
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:47 0:00

Осыған дейін Өзбекстанда Қарақалпақстан автономиялық республикасының Жогорку Кеңешінің төрағасы, Олий Мажлис сенаты төрағасының орынбасары Муса Ерниязов пен Бұхара облысы әкімі Карим Камолов коронавирустан көз жұмған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Өзбекстанда коронавирус 51 235 адамға жұққан. Оның ішінде 47 271 науқас айығып, 429 адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG