Ссылки доступа

Президент Бердімұхамедов сатиралық ғылыми Шнобель сыйлығының лауреаты атанды


Президент Гурбангулы Бердімұхамедов еңбек демалысы кезінде, 15 шілде, 2020 жыл
Президент Гурбангулы Бердімұхамедов еңбек демалысы кезінде, 15 шілде, 2020 жыл

17 қыркүйекте Гарвард университетинде Шнобель сыйлығы (Ig Nobel Prize) тапсырылды. Ғылыми зерттеу бойынша ең мәнсіз жаңалықтар үшін беріліп келген сыйлықты тапсыру рәсімі биыл 30-рет ұйымдастырылды.

BBC ақпаратына қарағанда, медицина саласы бойынша төмендегі саясаткерлерге берілген: АҚШ президенті Дональд Трамп, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусьтың қазіргі лидері Александр Лукашенко, Бразилия президенті Жаир Болсонару, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор және Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.

Шнобель комитеті бұл саясаткерлерге сыйлық "адам өмірі мен өліміне дәрігерлерге қарағанда, саясаткерлер көбірек ықпал ететініне дүниені иландыру үшін Covid-19 пандемиясын пайдаланғаны" үшін берілгені айтылды.

Коронавирус пандемиясына байланысты сыйлық тапсыру рәсімі онлайн өтіп, жеңіс иелеріне ақшалай сыйлық ретінде Зимбабвенің 10 триллион доллар номиналындағы банкнот тапсырылды.

Ақпаратқа қарағанда, Гурбангулы Бердімұхамедов Шнобель сыйлығын санитарлық ағартушылық саласындағы жетістіктері үшін алды. Түркіменстан үкіметі биыл шілдеде коронавирустың тарауына қарсы президенттің мәзірімен жасалған дәрілік шөптерді ұсынған.

13 наурызда Бердімұхаммедов халқын вирусқа қарсы адыраспанды қолдануға шақырған. Президент бұл шөпті "түркімендердің ата-бабалары мыңдаған жылдар бойы қолданып келгенін, ол жаман әдеттерге және әртүрлі жұқпалы індеттерге қарсы дәрі ретінде дәлелденген" деген.

Түркіменстан билігі әлі күнге дейін елінде коронавирус анықталмағанын айтып келеді.

Саксаул и могильник против коронавируса
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:05 0:00

XS
SM
MD
LG